Самбодан Әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самбодан Әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

11.11.2021

Ертең Өзбекстан астанасы Ташкентте самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты басталады. Онда турнир тарихында алғаш рет 7 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынбақ. 50 мемлекеттің спортшылары қатысатын әлем біріншілігіне Қазақстаннан жиырмадан астам спортшы аттанды. Күллі әлем көз тіккен спорт додасын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу

OSZAR »