Астанада жастардың алғашқы конвенті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жастардың алғашқы конвенті өтті

13.07.2024

Қазақстан - бар ғұмырым! Астанада осындай атаумен жастардың алғашқы конвенті өтті. Оған еліміздің 20 аймағынан жүздеген қыз-жігіт жиналған. Конвент - бұл форум іспетті. Мұнда, күні бойы қызықты шаралар, семинарлардан бастап концертке дейін болды. Әрі қыз-жігіттер бір-бірімен танысып, пікір алмасты. Өз саласының мықты мамандары да, тренинг өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Шара- ел жастарының бірлігі мен білімін арттыруға бағытталған.

Бота Ануарбек, «Жаңа адамдар» қозғалысының белсендісі, қатысушы:
Креатив, жаңа идея, жаңа қадам, жаңа мүмкіндіктер. Бір-бірімен танысып қана қоймай, алға қарай ел үшін не істей аламыз деген ой. Ел үшін әрбір адам жауапты. Осы жауапкершілікті сезіну арқылы біз ел болашағын жарқын қыла аламыз.


Хабарламаларға жазылу

OSZAR »