Қазақстандық спортшылар ескек есуден Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшылар ескек есуден Азия чемпионы атанды

10.05.2025

Қытайдың Наньчан қаласында өткен байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. 500 метрге байдаркамен жұптық сында Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова чемпион атанса, Бекарыс Раматулла 500 метрде екінші орын алды. Ал каноэде 500 метрге ескек есуде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді. Жалпы командалық есепте Қытай құрамасы 9 алтын медальмен көш бастаса, Қазақстан мен Вьетнамда бір-бір алтын медаль бар.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу

OSZAR »