Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесіп, жиынның маңызына тоқталды. «Парламенттік Ассамблея – өте маңызды саяси құрылым. Біріккен жұмыстың арқасында елдердің экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуы арта түседі. Былтыр Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етті. «TURKTIME» ұранымен бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырдық. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Түркі әліпбиінің ортақ нұсқасы бекітілді. Мұның бәрі тарихи оқиға, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент Парламенттік Ассамблея ұсынған тың бастамаларды қолдайтынын айтып, түркі ықпалдастығына үлес қоса беруге дайын екенін мәлімдеді. Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Тұрақты өкілдерді тағайындау туралы шешім қабылданғанына, ұйым елдері арасында сауда-экономика, энергетика, қаржы және инвестиция саласындағы байланыс арта түскеніне назар аударды. Жақында «Мажарстанда өткен мемлекет басшыларының бейресми кездесуі нәтижелі болғанын айтып, келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсындым», - деді.
Ақниет Балтанова
