Есірткіге қарсы күрес: Алматыда фронт-офис ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткіге қарсы күрес: Алматыда фронт-офис ашылды

04.07.2025

Алматыда есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту мақсатында арнайы фронт-офис ашылды.

Бұл маңызды бастама «Esirtkisiz QAZAQSTAN» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

«Басты мақсат – жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу, қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру», – дейді жобаға жауапты мамандар.

Фронт-офис тек ақпарат беретін орын ғана емес, нақты іс-шаралар жүзеге асырылатын, кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілетін орталыққа айналмақ. Яғни, қаладағы есірткі ахуалына тұрақты мониторинг жасалып, тиімді шешімдер әзірленеді.

Жандос Ақтаев, ҚР ІІМ жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары:

Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін «Мерген» алгоритмі бар. Сол арқылы біз интернеттегі вирусты есірткі контентін іздеп, оны бұғаттаймыз. Бүгінгі күні өз күшімізбен 4 мыңнан астам есірткі тарататын каналдарды бұғаттадық – ол Telegram, басқа маркетплейстер не онлайн платформалар болсын.

Жазира Оразқызы



Хабарламаларға жазылу

OSZAR »