Еліміздегі шикізаттың 45 пайызға жуығы өңделмей, тікелей шекара асып жатыр. Енді оны өзімізде өңдеуге басымдық берілмек. Салаға инвестиция құйып, жұмыс істеймін дегендерге мемлекет жан-жақты қолдау көрсетеді. Салық, кеден жағынан біраз жеңілдік болмақ. Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту арқылы 19 мыңнан астам жұмысқа тұрмақ. Бүгін Үкімет отырысы осы салаға арналды.
Енді жол құрылысына өзіміздің отандық битумды қолданатын боламыз. Үкімет басшысы осындай тапсырма берді. Отандық өнім өзімізде өндіріліп жатыр. Импортқа тәуелді емеспіз.
Асхат Хасенов, «Қазұнайгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы:
Биыл Көлік министрілігі берген сұраныс бойынша 1,2 млн тонна. Ең бастысы уақтылы жол-құрылыс компаниялары тапсырыс берсе, қуаттылық бар. Республика бойынша 1,5 млн тонна мұнай өндіруге болады. Ең басты мәселе қаражат және уақтылы тапсырыс беру.
5 трлн теңгеге жуық инвестиция. Алдағы 10 жылда химия және мұнай химиясы саласына осынша инвестиция тарту көзделіп отыр. Еліміздің бай шикізат әлеуеті фосфорит, калий тұздары, барит, күкірт, мұнай, газ және химия саласында жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мәселен, бір ғана Калий тұздарының өзі металлургиядан бастап, мединица, шыны, сабын, бояу өндірісінде де қолданылады.
Ал, бұл салада жұмыс істеймін дегендерге салық, кеден жағынан нақты қандай ұсыныстар болатынын жауаптылар 1-шілдеге дейін дайындап келуі тиіс.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін химия, мұнай химиясы салаларын дамытудың стратегиялық маңызын атап көрсетті. Дегенмен, шикізатты терең өңдеуде саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару әлі де төмен. Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған заманда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өніммен сыртқы нарықтарға шығу керек.
Бүгінгі таңда елімізде химия және мұнай-газ химиясы секторында 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістер минералды тыңайтқыштар, бейорганикалық және органикалық химиялық заттар шығарады. Тыңайтқыш демекші, алдағы бес жылда еліміздің шаруалары толықтай отандық тыңайтқыштармен қамтамасыз етілетін болады.
Самал Қабышева, тілші:
Қазақстанда мұнай-газ, химия саласы туралы жеке заң әзірленеді. Осыған байланысты Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жауаптыларға арнайы тапсырма берді. Енді тиісті министрліктер бірігіп, бірінші қыркүйекке дейін заң жобасын әзірлеп, Үкіметке ұсынуы тиіс.
Самал Қабышева
