Президент Мәскеуде бірқатар кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мәскеуде бірқатар кездесу өткізді

08.05.2025

Қазақстан мен Венесуэла арасындағы сауда-саттық жанданады. Тараптар алдымен экспортқа лайық өнімдердің тізбесін әзірлейді. Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла президенті Николас Мадуро кездесу өткізіп, осындай уағдаластыққа келді. Әсіресе энергетика саласына басымдық берілмек. Мемлекет басшысы Венесуэла президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен де кездесті. Онда сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейтуге жол ашатын мол әлеует бар екені айтылып, саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайту перспективасы қарастырылды. Мьянма Премьер-министрі алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді.   

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу

OSZAR »