«Алматының тарихи жады» атты жоба іске қосылды. Алып шаһарда жүзеге асқан жоба аясында 2GIS жүйесіне сәулет ескерткіштері мен монументалды өнер туындылары енгізілді. Сондай-ақ Кеңсай-1, Кеңсай-2 және Орталық зираттағы танымал тұлғалар жерленген орындар туралы ақпарат жаңартылған. Енді кез келген адам осы нысандарды картадан оңай тауып, олар туралы мағлұматпен таныса алады. Мақсат - тарихи жадыны сақтап, киелі нысандарды насихаттау. Ел шежіресі мен мәдениетінде маңызды рөл атқарған тұлғалардың есімін ұлықтау, дейді ұйымдастырушылар.
Елдос Тоқтарбай, тарихшы:
Дамыған елдерде ашық аспан астындағы музей деген ұғым қалыптасқан. Олар кесене, зираттарға, қорымдарға арнайы барып, тағзым етіп, аралайды. Біздің де Алматының орталық зираты және Кеңсай-1, Кеңсай-2 зираттары нағыз ашық аспан астындағы тарихи сабақ өтуге болатын, таныстыруға болатын үлкен аймақ.
Қуан Нұрақын
