Ақмола облысында шеберлік байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында шеберлік байқауы өтті

20.05.2025

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласы бойынша педагогтер арасында ІІ-ші республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтіп жатыр.

Оған еліміздің 10 өңірінен келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 24 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысуда. Байқау барысында мамандар дәнекерлеу ісі және ауыл шаруашылық машиналары мен дизельді қозғалтқыштарды жөндеу бойынша тәжірибе жүзінде арнайы тапсырмаларды орындады.

Нұрболат Күлшаров, сарапшы /Ақтөбе облысы/:

Мақсаты – оқытушылардың біліктілігін артыру, ертеңгі күні санатын көтеруге де өте ықпал етеді. Өйткені бүгінгі технологияларды меңгере отыруымыз керек, уақытымен жүруіміз керек, қалып қоймауымыз керек. Жалпы осы колледжде материалдық база толық жаңартылған екен. Яғни егіншілік, ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша егіншілікпен айналысуға бүкіл техниканың түрлері бар.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу

OSZAR »