Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

24.05.2025

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығын Ақорда жариялады. Ал оның орнына Дархан Сатыбалды келді. Қала активіне жаңа әкімді Үкімет басшысы таныстырды.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан Ерболат Досаевқа шаһардың қаржы-экономикалық әлеуетін дамыту жөніндегі белсенді жұмысы үшін алғыс айтты. Былтыр қала елдің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі 21,8%-ға дейін өскенін атап өтті. Премьер-министр жаңа тағайындалған Дархан Сатыбалдыға бірқатар тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және экономика құрылымын әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту міндеттерін қойғанын жеткізді. Айта кетейік, мемлекет басшысы қалалық мәслихат депутаттарына Алматы қаласының әкімі лауазымына екі кандидат ұсынған. Бірі – Дархан Сатыбалды болса, екіншісі қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 32 депутаттың 23-і Дархан Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу

OSZAR »