Арал ауданында шегірткеге қарсы 28 мың гектар жер өңделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал ауданында шегірткеге қарсы 28 мың гектар жер өңделеді

26.05.2025

Қызылорда облысы Арал ауданында шегірткеге қарсы 28 мың гектар жер химиялық өңдеуден өтеді. Биыл Қарақұм даласында зиянкестер қаптап, жайылымдық жерлерді отап кетті.

Шөлді жерде көбейетін италиялық прусс тұқымды зиянкестер Қызылорда мен Ақтөбе облысының шекарасын жайлап, жан-жаққа тараған. Мамандар ең қауіпті деген 7 ауылдық округтың аумағын қазір залалсыздандыруда. 4 жеңіл ұшақ, 5 агродрон, у себетін 45 агрегат және 300-ге жуық адам жұмылдырылды. Қазір шегірткенің басым бөлігі қырылып қалды.

Бектұрған Назаров, ауыл тұрғыны:

Жылда мұндай болмайтын. Болып жүрді, бірақ мұндай болмайтын. Биыл қаптап кетті. Соған Үкімет шет қалдырмай осындай техникаларды көргеніме өте қатты қуанып тұрмын. Бұл шегірткенің тұқымы да бөлек дейді. Бұл шегірткені қайдан әкеп тастады, соны түсінбеймін.

Арал ауданына арнайы барған Ауыл шаруашылығы министрі жағдайды көзбен көрді. Арнайы штабтың жұмысымен танысты. Айдарбек Сапаров жергілікті тұрғындармен де кездесіп, көптің талап-тілегін тыңдады.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Ауыл тұрғындарының бүгінгі тұрмыстарын да көріп, не керек екенін. Бұл кісілер де қосымша сұрақтарын көтеріп жатыр. Шөп шабу қай жерден болады деп. Енді мұны Ақтөбе облысында шекарада әкім орынбасарлары келісіп екеуі, қалай шөп шабылады, қалай тасымалданады. Ол да бір қолдау болсын елге. Бұл өзімнің бақылауымда болады. Байқап отырамыз.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу

OSZAR »