Астана халықаралық форумы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халықаралық форумы жалғасуда

29.05.2025

Елордада Astana International Forum өтіп жатыр. Жиынға келген 5 мыңға жуық қонақтардың қатарында мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен сарапшылар бар. 

Темірлан Нұржанұлы, тілші:

Астана Халықаралық форумы жалғасып жатыр. Ірі іскерлік жиынның қонақтары түрлі өзекті тақырыптарды қамтыған панельдік сессияларға белсенді қатысуда. Дәл қазір менің жанымда жаңа ғана сондай алаңнан шыққан АҚШ-тан келген делегат, сарапшы Олаф Грот мырза тұр. Ендеше форум жайлы ойын өзінен сұрап көрейік.

Жаһандық әріптестік, халықаралық қауіпсіздік, энергетика және экономикалық даму мәселелерін қамтыған форум ертең де жалғасады. Осылайша бұл жиын маңызды пікірталастар мен жаңа серіктестіктерге жол ашпақ.

Темірлан Нұржанұлы 

Хабарламаларға жазылу

OSZAR »