Ыстамбұлда түркітілдес қоғамдық ұйымдардың жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстамбұлда түркітілдес қоғамдық ұйымдардың жиыны өтті

13.06.2025

Бүгінге дейін түркітілдес елдер 30-дан аса сала бойынша ынтымақтасқан. Жыл өткен сайын әр бағытта ара қатынасымыз тереңдеп келеді. Ыстамбұлда түркітілдес халықтар құрған қоғамдық ұйымдардың тұңғыш жиынында байланысты арттырып, ортақ мәселелерді бірлесе шешу жолдары көтерілді. Әсіресе түркітілдес елдерден Түркияға көшіп барған азаматтардың құжат алуын оңтайландыру, бауырлас халықтар құрған қоғамдық ұйымдардың өзара қарым-қатынасын біріздендіру жайы жан-жақты талқыланды. Шараға ұйытқы болған Түркия билігіндегі Әділет және даму партиясының Түркі мемлекеттерімен байланыс басқармасы мұндай жиынды дәстүрлі түрде өткізіп, туындаған мәселелерді бірлесе шешеміз деп отыр.

Жанымхан Жанахмет, «Қазақдер» қоғамдық ұйымының жетекшісі:

Біздің келе жатқан проблемаларымызды басшылыққа жеткізуге мүмкіншілік береді. Сол жағынан өте маңызды деп ойлаймыз. Тек қана бізге емес, басқа түркі мемлекеттерінен келген қоғамдармен де танысып, олармен қарым-қатынасымызды жасап, елімізді танытып, еліміздің мәселелерін оларға да көрсетіп, бірге шешім қабылдауға тырысатын бір мүмкіндік.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу

OSZAR »