Өзбекстан жасанды интеллектінің ұлттық моделін іске қоспақ. Оған сай, жоғары технологиялар саласындағы мамандардың жаңа буыны қалыптасады. Бұл туралы елдің президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді. Қазірдің өзінде ЖИ технологияларын қолданатын 100-ге жуық жоба бар. Әсіресе, қаржы секторы, энергетика және денсаулық сақтау салаларында тиімді жүзеге асып келеді. Жыл соңына дейін 100 мың жасты оқыту көзделген. Жасанды интеллект курсы негізінде мектеп бағдарламалары жаңартылады. Әр аймақ жедел түрде 100 мұғалімді дайындап, олар кейін оқытудың каскадты үлгісінде әріптестеріне тәлім береді. 2030 жылға қарай барлық түлектер ЖИ бойынша базалық білімге ие болады.
Базаркүл Отыншиева
